Анна Данилина US Open турниріндегі жеңісі үшін қанша сыйақы алды

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Анна Данилинаның US Open 2023 турнирінде аралас жұптық сында жеткен жеңісі үшін алатын сыйақы мөлшері аталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Анна Данилина US Open турниріндегі жеңісі үшін қанша сыйақы алды
Фото: Sports.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы финдік Харри Хелиёваарамен дэутте АҚШ-тың Ашық чемпионатында жеңіске жеткені үшін 170 мың доллар алады.

Еске салайық, турнир барысында Анна Данилина мен Харри Хелиёваара келесі қарсыластарын жеңді: Мэттью Эбден (Австралия) / Николь Меликар (АҚШ) — 6:3, 5:7, 10:7, Денис Кудла (АҚШ) / Алисия Паркс (АҚШ) — 6:3, 6:3, Йоран Флиген (Бельгия) / Сюй Ифань (Қытай) — 7:5, 7:6, Мате Павич (Хорватия) / Эна Сибахара (Жапония) — 7:6, 6:4, Остин Крайчек (АҚШ) / Джессика Пегула (АҚШ) — 6:3, 6:4.