Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Анна Данилина осымен бесінші WTA титулын жеңіп алды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Окленд (Жаңа Зеландия) WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Kazinform.

анна данилина
Фото: ktf.kz

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина — словакиялық Виктория Грунчакова финалда чехиялық Мария Боузкова — америкалық Бетани Маттек-Сандспен бас жүлде үшін кортқа шықты.

Бірінші партияда қазақстандық-словакиялық жұп 6:3 есебімен басым түсті.

Екінші сетте тай-брейкте чехиялық-америкалық дуэт сәтті ойнады — 7:6 (7:5).

Супер тай-брейкте А.Данилина мен В.Грунчакова жеңісті жұлып алды — 10:8.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта олар 2 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың алтауын құр жібермеді.

Қарсылас жұп 4 эйс, 4 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, Анна Данилина жаңа жылдағы алғашқы титулына қол жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның байырғы қарсыласын жеңіп, Брисбен турнирінің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде қайтадан үшінші ракетка болады.