Анна Данилина жұптық сында Берлин турнирінің ширек финалына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 24-ракеткасы Анна Данилина Берлин WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина мен қытайлық Сюй Ифань алғашқы айналымда германиялық Лаура Зигемунд – ресейлік Вера Звонаревамен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-қытайлық жұп қарсыластарын 6:3, 6:1 есебімен оңай жеңді.

Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған кездесу барысында Данилина мен Ифань 9 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ.

Қазақстандық-қытайлық дуэт жартылай финалға шығу үшін чехиялықтар Катерина Синякова – Маркета Вондрусовамен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Қазақстанда балалардың тенниспен көбірек ойнай бастағаны қуантатыны туралы айтқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Берлин турнирінде ұтылып қалды.


Соңғы жаңалықтар