Анна Данилина жұптық сында Париж жарысының жартылай финалына өтті

None
Фото: sports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Анна Данилина Париж челленджер жарысының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші ресейлік Вера Звонаревамен бірге ширек финалда грузиялық Натела Дзаламидзе – белоруссиялық Лидия Морозовамен кездесті.

Қазақстандық-ресейлік жұп сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта 7:5, 5:7, 10:2 есебімен жеңіске жетті. Олар 2 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Н.Дзаламидзе мен Л.Морозова 1 эйс, 5 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

А.Данилина мен В.Звонарева финалға шығу үшін оңтүстіккореялық Чан Су Джон – қытайлық Чжаосюань Янмен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Римде әлемнің бірінші ракеткасымен ойнайтынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Тимофей Скатов Ролан Гаррос турниріне дайындалып жатыр.

Соңғы жаңалықтар