Тимофей Скатов Ролан Гаррос турниріне дайындалып жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов биылғы екінші «Үлкен дулыға» турнирі – Ролан Гаррос жарысының іріктеу сайысына қатысу үшін дайындалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазіргі кезде дүниежүзілік рейтингте 144-сатыда тұрған 22 жастағы Т.Скатов сол себептен Францияның Бордо қаласында өтіп жатқан челленджер додасына қатысудан бас тартты.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда рейтингте 392-сатыдағы франциялық Матиас Буркпен ойнауы керек еді. Т.Скатовтың орнына шыққан рейтингте 428-сатыдағы тағы бір франциялық Кириан Жаке М.Буркті 6:4, 7:5 есебімен ұтып кетті.

Франция ашық чемпионатының іріктеу кезеңі 22 мамырда басталады. Т.Скатовқа осыған дейін «Үлкен дулыға» турниріне қатысудың сәті түспей жүр. Сондықтан Парижде тағы бір рет талаптанып көрмек.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Рим мастерс турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде ТОП-5 теннисшінің қатарына енді.

Рим мастерс турнирінде Анна Данилина жұптық сында ¼ финалда сүрінді.

Елена Рыбакина Римде әлемнің бірінші ракеткасымен ойнайды.


Соңғы жаңалықтар