Рим мастерс турнирі: Анна Данилина жұптық сында 1/4 кезеңде сүрінді

None
Фото: sports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Анна Данилина Рим WTA 1000 жарысының жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші мажарстандық Тимея Бабошпен бірге ширек финалда турнирдің 4-ракеткалары, аустралиялық Сторм Сандерс – бельгиялық Элиза Мертенспен бақ сынасты.

Аустралиялық-бельгиялық жұп 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 19 минутқа созылған матчта А.Данилина мен Т.Бабош 11 брейк-пойнттың тек екеуін ғана өз есептеріне жазды. Қарсылас жұп 1 эйс, 5 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилина жұптық сында Рим мастерс турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Рим мастерс турнирінің ширек финалына шықты.

Рыбакина бастаған қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос турниріне қатысады.

Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде ТОП-5 теннисшінің қатарына енді.


Соңғы жаңалықтар