21:54, 20 Тамыз 2025 | GMT +5
Анна Стратан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Анна Стратан U20 санатындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.

Дүбірлі дода Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатыр.
Спортшы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын алды.
Шешуші белдесуде Стратан Швеция спортшысы Тиндра Дальмирді 9:1 есебімен жеңді.
Бұған дейін қазақстандық еркін күрес шебері Камиль Куруглиев (92 келі) Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанғанын жазғанбыз.
Сондай-ақ қазақстандық балуан Едіге Қасымбек еркін күрестен U20 санатындағы әлем чемпионатында алтын жүлде еншіледі.