Аңсар Шайхмедденов «Барыс» сапында ҚХЛ-да 100-матчын өткізді
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық хоккейші Аңсар Шайхмедденов кеше елордада «Амурмен» өткен кездесуде Құрлықтық хоккей лигасындағы 100-матчын өткізді.

Шабуылшы аталған ойындардың барлығында «Барыс» сапында өнер көрсетті. Осы уақыт аралығында ол 11 (4+7) ұпай олжалады. Сондай-ақ 46 күштік әдіс жасап, қарсыластың 45 соққысына тосқауыл болған. Шабуылшы мұз айдынында әр матчта орта есеппен 9 минут 20 секунд өткізген.

Айта кетсек, елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы үш ойынын сәтсіз өткізді. Олар 9 қыркүйекте Ресейдің «Амур» командасына 1:5 есебімен жол берді.

Ал одан бұрын Ресейдің «Нефтехимигіне» 1:2, «Тракторына» 1:4 есебімен жеңіліп қалды. Енді елордалық клуб 13 қыркүйекте Астанада Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасын қабылдайды.
Жаңа маусымға дайындық алдында команда басшылығы аталған қызметке канадалық Дэвид Немировскиді шақырды. 1993-2014 жылдар аралығында хоккейші ретінде ойын көрсеткен ол 2018 жылдан бері бапкерлік қызмет атқарып келеді. Алдымен Ресейдің «Торпедо» (Нижний Новгород) клубында еңбек еткен маман төрт жыл бойы командаға тәлімгерлік жасады. 2023 жылдың сәуірінде Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) клубында бас бапкер қызметіне тағайындалған маман сол жылдың 6 желтоқсанында орнын босатты.