Әнші Димаш Құдайбергеннің ағылшын тіліндегі жаңа әні жарыққа шықты

Әнші Димаш Құдайбергеннің ағылшын тілінде жаңа әні шықты
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

АСТАНА. KAZINFORM -  Димаш Құдайбергеннің ағылшын тіліндегі жаңа әніне түсірілген бейнебаян жарық көрді.

Әнші бейнебаянның үзіндісін Instagram парақшасында бөлісті. Айтуынша, бұл әнді алғаш рет Гонконгтағы жеке концертінде орындаған.

«Менің «Smoke» атты жаңа туындым бұдан былай барлық музыкалық платформаларда қолжетімді. Естеріңізде болса, мен бұл әнді алғаш рет Гонконгтағы жеке концертімде орындаған болатынмын. Бұл ән тыңдарманның жылы лебізіне де ие болып үлгерген еді. Осы орайда достарым Кэндис Келли мен Дмитро Гордонға аталмыш туындыны жасауға үлес қосқаны үшін ерекше алғыс айтқым келеді. Ән сіздердің көңілдеріңізден шықты деген үміттеміз! Жақында Будапешт пен Стамбулда өтетін жеке концерттерімде кездескенше!» - деп жазды Димаш Құдайберген.

Соңғы жаңалықтар