Әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне іздеу жарияланды

АСТАНА.KAZINFORM - Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қазақстандық әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі Аңсар Қажымұханұлына іздеу жариялады.

 Әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне іздеу жарияланды
Фото: видеодан алынған кадр/YouTube

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында көрсетілгендей, іздеу ісі осы жылдың 21 қазанында Астанада тіркелген.

«Бастамашы: СЖҚІА. Тергеуді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласындағы департаменті жүргізеді», - делінген хабарламада.

Ансар Қажымұханұлы мен әнші Сиви Махмуди он жылдай некеде тұрды.

Айта кетейік, Сиви Махмуди – қазақстандық танымал әнші, актриса және продюсер.

Соңғы жаңалықтар