Әнші Әли Оқапов өз тойына қаржы жинап жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әнші Әли Оқапов «Гакку» телеарнасына блог жүргізуді қолға алды, - деп хабарлайды baistars.kz «Gakku kz» сайтына сілтеме жасай отырып.
None
None

Алғашқы жазбасында әнші өмір мен өнерге көзқарасын айтыпты. Өз сөзінде әнші кең дауыстың иесі болмаса да, музыкант екендігін жеткізген.

«Әр адам белгілі бір қызмет үшін жаралған. Барлығымыз таланттымыз, тек қай істе екенімізді білу керек. Кең дауысты әнші емеспін, оны мойындаймын. Менің жетістігімнің себебі, үлкен еңбек пен дұрыс таңдалған стиль», -деді.

Музыкант басқа кәсіптерді де үйреніп жүргенін тілге тиек етті.Сондай-ақ, әнші өзінің үйленуге дайын екендігін жеткізді.
Десек те, әнші тойдың ауылы алыс екендігін айтты.

«Үйленгім келеді, енді барлығы да екінші жартыма байланысты екендігін түсінемін. Бірақ қазір жұмыс істеп, қаражат жинау керек», - деді Әли Оқапов.

Соңғы жаңалықтар