Анталия әуежайына қонған Sukhoi Superjet 100 ұшағы өртенді

АСТАНА. KAZINFORM – Ресейлік Azimut әуе компаниясына тиесілі Sukhoi Superjet 100 жолаушылар ұшағы Түркияның Анталия әуежайына қонғаннан кейін өртенді, деп хабарлайды BBC AirportHaber Түрік ақпараттық порталына сілтеме жасап.  

Ұшақ өртенді
Фото: Pixabay.com

Федералды әуе көлігі агенттігі зардап шеккендер жоқ екенін растады.

Оқиғаға байланысты әуежайдың ұшу-қону жолағы уақытша жабылды, деп жазады басылым.

«Билік ұшу-қону жолағының жабылуына байланысты ұшақтардың қонуы тоқтатылып, кейбір рейстер кейінге қалдырылғанын айтты. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ, қозғалтқыштың өртену себебі анықталып жатыр», - делінген хабарламада.

Әуе көлігінің федералдық агенттігі кейінірек оқиға салдарынан ешкімнің зардап шекпегенін растады.

Соңғы жаңалықтар