Анталияда рекордтық аптап: Ауа температурасы 45 градустан жоғары

АСТАНА. ҚазАқпарат - Анталияда ауа температурасы соңғы рет  45 градустан жоғары 1929 жылы көтерілген.

Анталияда рекордтық аптап: Ауа температурасы 45 градустан жоғары

Түркияның оңтүстік аймағында шектен тыс аптап ыстық орнады, елдің туристік астанасы Анталияда сенбі күні ауа температурасы - 45,4 градусқа дейін жетті, деп хабарлайды Anadolu агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, Түркияның оңтүстік аймағындағы қазіргі  ауа температурасы орташа мөлшерден 10-12 градусқа жоғары. Ауа райына болжамына сүйенсек, жексенбі күні Анталиядағы ауа температурасы 43 градусқа жетіп, дүйсенбіден бастап 35-37 градусқа төмендейді.