Анталияға ұшып бара жатып, Қарағанды әуежайына лажсыздан қонуға мәжбүр болған «Боинг» жолаушылары өз сапарларын жалғастырды

ҚАРАҒАНДЫ. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды әуежайына лажсыздан қонуға мәжбүр болған «Боинг-737» әуе кемесінің жолаушылары бүгін таңертең өздерінің Анталияға сапарларын жалғастырды.
None
None

«Сарыарқа» әуежайынан хабарлағандай, бұнда «Скат» әуе компаниясының басқа борты келіп, сонымен жолаушылар сағат 13.45-те Түркияға аттанып кетті.

Осыған дейін хабарланғандай, бүгін таңғы 9 сағат 43 минутте Қарағанды әуежайында осы әуежайдан 6 сағат 32 минутте Анталияға ұшып шыққан 140 жолаушысы бар «Боинг-737» әуе кемесі лажсыздан қайта қонуға мәжбүр болған еді. Ұшу кезінде бір сағаттан астам уақыт өткенде кеме командирі әуе лайнерінің оң жақ қозғалтқышының жұмысынан ақауды байқап, еркінен тыс қайта қону туралы шешім қабылдады. Осы мақсатта, артылып қалған жанар-жағар майды жоқ қылу үшін оған қала үстінде екі сағаттан астам уақыт қалықтап жүруіне тура келді.

Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайға байланысты Қарағанды әуежайына жедел топ, жедел-құтқару жасағы, облыстық ТЖД апаттық-құтқару жұмыстары мен өрт сөндіру қызметі, сондай-ақ, құрамында 33 адамы бар 11 автокөліктен құралған «жедел жәрдем» бригадасының өкілдері шұғыл келіп жетті. Соымен қатар, «Сарыарқа әуежайы» АҚ құрамында 35 адамы мен 10 бірлік техникасы бар іздестіру апаттық-құтқаруды қамтамасыз ету қызметінің барлық құрылымдары мен күштері сақадай сай тұрды.

Алдын-ала болжам бойынша, апаттың негізгі себебі қозғалтқышқа құстың кіріп кетуінен болуы мүмкін. Осы оқиғаны тергеу жұмыстарымен ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетінде құрылған арнайы комиссия айналысуда.

Соңғы жаңалықтар