Анталья әуежайындағы ереуілге байланысты рейстер кешігіп жатыр

Жұмысшылар наразылығы
Фото: halktv.com.tr

АСТАНА. КАZINFORM – Анталья әуежайында жұмысшылардың ереуіліне байланысты халықаралық және ішкі рейстер кешіккен. Кейбір ұшақтар бір тәуліктен астам уақыт бойы ұшуға рұқсат күтуде. Түркияның курорттық аймағының туризм саласы жағажай маусымының қызған шағында әуе диспетчерлерінің ереуіліне байланысты дағдарысқа ұшырады. 

Анталья әуежайындағы наразы қызметкерлер жұмыстан бас тартып немесе жұмыс белсенділігін әдейі азайтып отыр. Осы жағдайдан соң рейстер жоспардан тыс кешіккен және ұшу уақыты ауысқан. 

Әуежай қызметкерлері басшылықтан жалақыны көбейтіп, еңбек жағдайын жақсартуды талап етуде. Қазіргі уақытта олардың жұмысы айтарлықтай баяулады. Бұдан кейін рейстердің уақыты кейінгі ығыстырылып, тіпті кейбірі ұшпай қалған. Бұл жолаушылардың, әсіресе демалушылардың жағдайын қиындатып, әуе компанияларын да үлкен қаржылық шығынға батырды. 

Бұл ретте кейбір түрік басылымдары Анталия әуежайындағы наразылық әуе компанияларының бірі жолаушыларға алдын ала ескертусіз Газиантеп, Самсун, Ван және Измир қалаларына рейстерді тоқтатқаннан кейін басталғанын жазды. 

Жолаушылардың әуежай ғимаратында наразылық білдіре бастағаны атап өтілді. Осыдан кейін наразы адамдар әуе компаниясының кеңсесіне басып кірді. 

Бұған дейін Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрлігі Анталья әуежайында биылғы маусымда былтырғы әуе қозғалысы рекордының жаңарғанын мәлімдеген. 

Ведомствоның мәліметінше, курорттық қалалық әуежай 199 751 адамды қабылдап, 1 175 рейске қызмет көрсеткен. Қызметкерлердің наразылығы дәл осы көрсеткіштермен байланысты болуы мүмкін, бұл үлкен жұмыс уақытын көрсетіп отыр.

Соңғы жаңалықтар