Антарктидада климаттық хаос оянып жатыр — Антониу Гутерриш

БҰҰ Бас хатшысы Антарктидадағы еріп жатқан мұздықтарды аралап, елдерді «температураның 1,5 градус Цельсийге дейін көтерілуін шектеу, адамдарды климаттық хаостан қорғау және қазбалы отын дәуірін тоқтату үшін дереу әрекет етуге» шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews арнасына сілтеме жасап.

мұз
Фото: Midjourney

Дубайда өткен COP28 жиыны қарсаңында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Антарктидадағы еріген мұздықтар туралы айтты.  

— Антарктиданы «ұйқыдағы алып» деп атайды. Және оны климаттық хаос оятады. Антарктикадағы теңіз мұзы рекордтық деңгейге жетті, — деді ол. 

БҰҰ бас хатысы адамдардың өзара байланысты әлемде өмір сүріп жатқанын, сондай-ақ қазба отынының ластануы планетамызды қыздырып, Антарктидадағы климаттық анархияны тудыратынын тілге тиек етті. Ол әңгіме барысында Оңтүстік мұхит жаһандық жылынудан түсетін жылудың көп бөлігін сіңіретінін атап өтті.  

Соңғы жаңалықтар