Антикор Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады

Ұсталған Әділет министрлігінің бұрынғы басшысы Марат Бекетаев болуы мүмкін – дереккөз
Фото: Kazinform

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Kazinform.

«Ұсталған адамның бұрынғы Әділет министрі М. Бекетаев екенін растаймыз. Оны қамауға алуға сот санкция берді», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

Еске сала кетейік, 21 қазан күні Антикор бұрынғы Әділет министрінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған еді.

Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірген. Қазір активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар