Антикор ұстаған елорда жедел жәрдем стансасының басшысы екі айға қамалды

Астана қалалық жедел жәрдем стансасының басшысы сот шешімімен екі айға қамалды, деп хабарлайды Kazinform

қамалды
Фото: Kazinform

Бүгін, 6 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты шешім шығарды. 

Оған сәйкес күдікті «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК басшысына 2 ай күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Астана қалалық жедел жәрдем стансасының басшысы Мұрат Оразбаевтың ұсталғанын хабарлаған едік. 

Антикор оған қатысты қандай баппен іс қозғалғанын айтпады. 

Соңғы жаңалықтар