Антверпен орталығы Трампқа 321 гауһар тасы бар жүзік сыйлады
АСТАНА.KAZINFORM — Антверпен әлемдік гауһар орталығы (AWDC) АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай АҚШ президенті Дональд Трампқа 321 табиғи гауһар тасты алтын жүзік сыйлады, деп хабарлайды ТАСС.
Сақина Бельгиядағы АҚШ елшісі Билл Уайтқа берілді.
AWDC Facebook-те сақинаның алтыннан жасалғанын және 321 табиғи гауһар тастармен және 75 басқа да бағалы тастармен безендірілгенін жазған.
— АҚШ қаншама жылдар бойы біздің негізгі сауда серіктесіміз болды. Антверпенде сатылатын табиғи гауһар тастардың көпшілігін АҚШ сатып алушылары алады. Біз бұл жүзіктің тығыз экономикалық қарым-қатынасымыздың символына айналуын қалаймыз, — деп атап өтті Антверпен зергерлері.
Олар жүзікті жасауда тек табиғи гауһар тастар пайдаланылғанын ерекше атап өтті.
— Табиғи және жасанды гауһар тастарды жай көзбен ажырату мүмкін емес, бірақ олардың бірегейлігі, құндылығы және мәртебесі сапа жағынан әртүрлі, — делінген орталық мәлімдемесінде.