Анзор Абаев Абай облысы сәулет басқармасын басқарады
СЕМЕЙ. KAZINFORM — Абай облыстық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы лауазымына Анзор Абаев тағайындалды.

Анзор Абаев 1987 жылдың 26 қаңтарында Ақмола облысы Атбасар қаласында дүниеге келген.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «жерге орналастыру және кадастр», сондай-ақ 2012 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2010 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін «Ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі» бойынша аяқтаған.
2010 жылы Астана қаласының жер қатынастары басқармасында жастар парктикасымен тәжірибеден өтіп, еңбек шарты бойынша тіркеуші қызметін атқарған.
Әр жылдары Астана қаласының жер қатынастары басқармасында, Астана қаласының жер қатынастары және жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасында әртүрлі бөлімдерде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2018-2022 жылдары Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы жер комиссиясының жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы болды.
2022 жылдан бастап Абай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарды.