АӨІСШК хатшылығының атқарушы директоры Дулат Бақышев Куәйттің вице-премьері-сыртқы істер министрі Мұхаммад ас-Сабахпен кездесті

АСТАНА. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат - Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі хатшылығының атқарушы директоры (АӨІСШК) Дулат Бақышев қаңтардың 5-інде Әл-Куәйтте Куәйт Мемлекетінің премьер-министрінің орынбасары - сыртқы істер министрі шейх Мұхаммад ас-Сабахпен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында Д.Бақышев Куәйт вице-премьеріне қосымша халықаралық тетік ?жалпыазиялық ұжымдық құрылым арқылы таяушығыс проблемаларын шешу тұрғысында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне араб елдерінің кеңінен атсалысуының маңыздылығы атап көрсетілген Қазақстанның Сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің жолдауын жеткізді. Куәйттің сыртқы саясат ведомствосының басшысы өз сөзінде, Қазақстанның халықаралық және өңірлік саясаттағы маңызды рөлі мен орнын атап көрсетіп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың аймақта бейбітшілік пен келісім орнату, сондай-ақ өркениеттер диалогын ілгерілету жөніндегі бастамаларына жоғары баға берді.
Соңғы жаңалықтар