АӨІСШК мүше мемлекеттердің этномәдени бірлестіктері форумы аясында қазақстандық мәдени орталықтардың көрмесі ұйымдастырылды

АСТАНА. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгін елордада өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне мүше мемлекеттердің этномәдени бірлестіктерінің форумы барысында қазақстандық мәдени орталықтардың көрмесі ұйымдастырылды,
None
None
деп хабарлайды ҚақАқпарат. Форумға қатысушылар елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында республикалық этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесті. Онда Дүнген этномәдени бірлестігінің қауымдастығы, Поляк одағы, «Түркия» түріктер қоғамы, «Вайнах» шешен және ингуш халықтарының мәдениетін дамыту қауымдастығы, Әзірбайжандықтар конгресі, Ұйғырлар мәдениеті, Корейлер қауымдастығы орталықтарының ұйымдастырған көрмелерін тамашалады. Сондай-ақ, Қазақстандағы этномәдени бірлестіктер өз ұйымдарының қызметтері туралы экспозициялық материалдармен таныстырды. Сонымен бірге, шетелдік меймандар ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен және ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Аслан Мусинмен бірге Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған халықтар достығы фестивалін де тамашалады.
Соңғы жаңалықтар