Апат салдарынан Шымкент қаласы тұрғын жайының 2 мыңға жуық абоненті мен бірқатар кәсіпорны газсыз қалды

ТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Апат салдарынан Шымкент қаласы тұрғын жайының 2 мыңға жуық абоненті мен бірқатар кәсіпорны газсыз қалды,
None
None

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Кеше, Шымкентте жер қазу жұмыстары барысында диаметрі 76 мм-лік орташа қысымды газ құбыры зақымданды. Апат орын алған учаске газбен қамтамасыз етуден ажыратылды. Соның салдарынан 9 ШРБ, 1 коммуналдық кәсіпорын және тұрғын жайдың 1774 абоненті газсыз қалды.

Төтенше жағдайдың алдын алуға «ҚазТрансАймақ» АҚ-ның 28 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар