Апатқа ұшыраған Су-30СМ ұшағы 230 сағат қана ұшқан

АСТАНА. KAZINFORM — Қарағанды облысында оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшыраған СУ-30СМ ұшағы әуеде 230 сағат қана ұшқан. Бұл туралы Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов айтты.

Су-35
Фото: Ақорда

— Жаңа ұшақ. Ұшқыштан қателік болған жоқ. Тергеу өтіп жатыр. Соның нәтижесін жариялаймыз. Ресейде шығарылған Су-30СМ жойғыш ұшағы 2022 жылы жеткізілген. Ең бастысы ұшқыштар аман қалды. Ұшақ 230 сағат ұшқан, — деді ол Ақордада БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Естеріңізге сала кетсек, 25 ақпан күні Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары барысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады.

— Ұшақ экипажы дер кезінде катапульт жасады. Ұшқыштар дін аман, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазіргі уақытта медициналық мамандардың бақылауында, — деген едҚорғаныс лінген министрлік хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар
Референдум