20:22, 20 Қаңтар 2015 | GMT +5
Апатқа ұшыраған АН-2 ұшағында болған 7 адамның алтауы қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында апатқа ұшыраған Ан-2 ұшағында 7 адам болған, соның ішінде 3-еуі экипаж мүшесі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ұшақ құлаған ауданға «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Шатыркөл» кен орны қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері, Қарағанды және Жамбыл облыстары Төтенше жағдайлар департаменттерінің құтқару бөлімшелері және Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің жедел-тергеу тобы жіберілді.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Шатыркөл» кен орнының күшімен жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде сағат 17.01-де құлаған ұшақ кен орнынан 20 шақырым жерде анықталған болатын. Ұшақтың құлауынан экипаждың 3 мүшесі, сондай-ақ 3 жолаушы қаза болды. Ұшақ құлаған орында тірі қалған бір әйел адам табылды, ол ауруханаға жеткізілді.