Апатқа ұшыраған тікұшақ 2021 жылы жасап шығарылған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов ведомствода өткен брифингіде Батыс Қазақстан облысында апатқа ұшыраған тікұшақ туралы мәлімет берді., деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылы жасап шығарылған Ми-8 тікұшағының әуеде ұшуы 250 сағатты құрайды, 2023 жылдың 17 қаңтарында Атырау қаласында мерзімді техникалық қызмет көрсетуден өткен болатын. 2030 жылы әуе кемесі алғашқы күрделі жөндеуден өтуі тиіс болатын. Тікұшақ пайдаланылған сәттен бастап ұшуға жарамдылығына әсер ететін ақаулар мен ескертулер болған жоқ», - деді Руслан Иманқұлов.

Еске салсақ, кеше Батыс Қазақстан облысында «Қазавиақұтқару» АҚ-ға тиесілі тікұшақтың «апатты жағдайда қонып», 4 адамның мерт болғаны хабарланған болатын.

Бүгін таңертең ТЖМ Батыс Қазақстандағы оқыс оқиғадан қаза тапқандардың аты-жөнін жариялады.


Фото: t.me/qr_tjm

Соңғы жаңалықтар
telegram