15:31, 15 Ақпан 2013 | GMT +5
Апатты жағдайда қонған тікұшақтың ішінде Украинаның екі азаматы болды
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Апатты жағдайда қонған тікұшақтың ішінде Украинаның екі азаматы болды, деп хабарлады құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

Бұрын хабарланғандай, тікұшақ Алматы облысының Бақбақты ауылының маңына қонды. Куәгерлер оның шаңғылары жерге тиген соң айнала бастағанын, одан кейін тікұшақ «бүйіріне жантая құлағанын» айтты. Әуе кемесі коммерциялық ұшуға шыққан еді.
Тікұшақ қонған жерге құқық қорғау органдары мен Балқаш аудандық әкімдігінің қызметкерлерінен құрылған іздеу тобы шұғыл түрде аттанып кетті.