Апаттық жағдайдағы 41 гидротехникалық құрылыстар қайта салынады

Оның сөзіне қарағанда, 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында су және жер ресурстарын тиімді пайдалану ескерілген.
«Атап айтқанда, 5 жылдың ішінде апаттық жағдайдағы 41 гидротехникалық құрылыстар қайта салынады, сонымен қатар 22 жаңа су қоймасының құрылысы жүзеге асырылады. Сонымен қатар жерді суландыру жүйесі қалпына келтіріледі. Нәтижесінде, осы шаралар Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында айналымға 600 мың гектардан астам тұрақты суарылатын жер көлемін енгізуге мүмкіндік береді. Осы орайда суармалы жердің аумағы 2021 жылға қарай 2 млн. гектарға жеткізілмек»,-деді Айтуғанов.
Оның айтуынша, ағымдағы жылы тұрақты суармалы жерлерді айналымға тарту бойынша жобаны іске асыру басталады. Бұл тұрғыда 35 мың гектар егістік қамтылады. Жобаны қаржыландыру мақсатында Ислам Даму Банкінің 48,3 млрд. теңге сомасындағы займ тартылады. 18 наурызда қарыз туралы келісім Республикалық бюджеттік комиссиямен мақұлданды.