Apple электромобиль шығару жоспарынан бас тартты

apple
Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM - Bloomberg Apple компаниясының осыдан 10 жыл бұрын бастаған электромобиль жасау жөніндегі тарихтағы ең ірі жобасын қысқарту туралы шешім қабылдағанын хабарлады, деп жазады ВВС.

Apple ешқашан көпшілік алдында мойындамаған жобаға (Project Titan) екі мыңға жуық адам қатысқан.

Олардың бір бөлігі жасанды интеллект саласындағы әзірлемелермен айналысатын бөлімшеге ауыстырылады.

Бұл шешімді Apple компаниясының бас операциялық директоры Джефф Уильямс пен вице-президент Кевин Линч қабылдаған.

Apple-дің өзі бұл хабарламаларға түсінік бермейді.

Соңғы жаңалықтар