Apple: iPhone 6 Plus смартфонының камерасын ауыстырып береміз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Компанияның ресми өкілдері iPhone 6 Plus смартфондарының ақаулы фотокамерасын ауыстырып беру науқаны басталғанын жариялады, - деп жазады 24.kz.
None
None

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін айфон иелері iPhone 6 Plus камераларының ақауы туралы айтып, көп шағымданған болатын. Себебі түсірілген суреттердің сапасы нашар болып шыққан. Бұған жауап ретінде Apple 2014 жылдың қыркүйегі мен осы жылғы қаңтар арасында шығарылған құрылғылардан ғана ақаудың бар-жоқтығын анықтай алатынын мәлімдеді. Бұл үшін смартфон иесі құрылғының сериялық нөмірін сайтта тіркеуі тиіс. Нөмір өңдеу барысынан өткен соң компания қызметкері айфонның иесімен хабарласып, фотокамераны ауыстыру барысының жай-жапсарын айтып береді, деп жазады planet-today.ru.

Соңғы жаңалықтар