Apple Қытайдағы инвестиция көлемін ұлғайтпақшы

АСТАНА.KAZINFORM — Apple бас директоры Тим Кук компанияның Қытайдағы бизнесті дамытуға инвестиция көлемін ұлғайтуға және өзара тиімді дамуға қол жеткізу үшін Қытаймен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Синьхуа.

Apple Қытайғдағы инвестиция көлемін ұлғайтпақшы
Фото: pixabay

Бұл туралы Бейжіңде америкалық корпорацияның бас директоры мен Қытайдың Индустрия және ақпараттық технологиялар министрі Ли Лечэннің кездесуі кезінде айтылды.

Министр Қытайдың ауқымды ішкі нарығы мен елдің қуатты өнеркәсіптік базасы инвестиция үшін орасан зор мүмкіндіктер туғызатынын және тұтынушылық сұранысты арттыратынын атап өтті. Ол үкімет шетелдік компаниялар, соның ішінде Apple үшін қолайлы бизнес-орта құруды жалғастыратынын айтты.

— Біз Apple Қытай нарығын зерттеуді жалғастырады, Қытайдың жаңа типті индустрияландыруына белсенді қатысады және бүкіл өнеркәсіптік тізбекте қытайлық компаниялармен бірге инновациялық дамуға ықпал етеді деп үміттенеміз, — деді министр.

Осы аптаның басында Тим Кук Қытайдың Douyin қысқа бейне платформасында ресми Apple Store тікелей эфирінде тосын көрініс жасады, онда ол Қытайда тек eSIM технологиясын пайдаланатын жаңа iPhone Air смартфондарының жаңа сериясының шығарылымын жариялады. Компанияның бас директорының айтуынша, құрылғыларға алдын ала тапсырыстар 17 қазан, жұма күні басталады.

Нью-Йоркте iPhone сатылымының басталуына орай қазақстандықтардың ерекше акция ұйымдастырғанын бұған дейін хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар