Apple корпорациясы Siri-ді жаңарту үшін Google Gemini жасанды интеллектісін қолданбақ

АСТАНА. KAZINFORM — Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Apple корпорациясы Siri дауыс көмекшісінің жаңартылған нұсқасында Google Gemini жасанды интеллектісін пайдалану мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Google
Фото: Pixabay.com

Компания Google-мен арнайы келіссөздер жүргізіп жатыр, оған сәйкес, Gemini негізінде Siri-дің жеке ИИ-моделі жасалуы мүмкін.

Ақпарат көздерінің мәлімдеуінше:

  • Apple Google-ге жеке жасанды интеллект моделін жасап шығуды ұсынған;

  • Бұл модель Apple серверлерінде жұмыс істеуге бейімделіп оқытылып жатыр.

Жаңартылған Siri қашан шығуы мүмкін?

  • Siri-дің жаңа нұсқасы бастапқыда 2025 жылдың көктемінде шығуы тиіс еді,

  • Алайда инженерлік қиындықтарға байланысты релиз кейінге шегерілді.

  • Енді оны 2026 жылдың көктемінен ерте күтуге болмайды.

Бұған дейін Apple өз өнімдеріне Claude (Anthropic) және ChatGPT (OpenAI) секілді модельдерді ықпалдастыру үшін тиісті компаниялармен келіссөздер жүргізген болатын.

Айта кетейік, Tesla Model Y L электромобильдеріне ЖИ-ге негізделген дауыс көмекшілері пайда болады.

Grok чат-ботымен мыңдаған жеке диалогтар Google іздеу жүйесінде жария болғаны хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар