Apple, Microsoft және Coca-Cola компаниялары 2013 жылғы әлемнің ең қымбат брендтері рейтингісінде көш бастады

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Apple компаниясы 2013 жылғы әлемдегі ең қымбат бренд болып танылды. Forbes журналының рейтингісінде Калифорния штатының ақпараттық-технологиялық корпорациясы кезекті рет көш бастап отыр.
None
None

Сарапшылардың мәліметтері бойынша, Apple брендінің құны биылғы жылы 104,3 млрд долларды құрады, ол өткен жылдың сәйкес бағалауынан 20%-ға жоғары және тізімде екінші сатыда тұрған Microsoft компанисынан екі есе артық. Әлемдегі бағдарламалық қамтамасыз ету саласының үздігі брендін мамандар 56,7 млрд долларға бағалады.

Рейтингіде үшінші орынды Coca-Cola компаниясы иеленді, оның сауда белгісінің құны 54,9 млрд. құраған.

ИТ-корпорациялары IBM және Google үздік бестік қатарына енді - олардың құны - сәйкесінше 50,7 және 47,3 млрд. доллар .

Қыркүйектің соңында "Нью-Йорк таймс" газетіАҚШ-тың "Интербренд" консалтингтік агенттігінің есебіне сілтеме жасап ең қымбат тауар белгілерінің рейтингісін жариялады. Ол кезде мамандар Apple брендінің құнын 98,3 млрд долларға бағалаған. Әлемнің ең қымбат тауар белгілерінің ондығына "Интербренд" нұсқасы бойынша, сондай-ақ, Microsoft, Intel және Samsung енді. Coca-Cola компаниясы 14 жылда алғаш рет бірінші орыннан үшінші орынға түсіп қалды.

Соңғы жаңалықтар