Апта аяғында доллар 491 бағамында тұрақтады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл арзандады.

Апта аяғында доллар 491 бағамында тұрақтады
Фото: Kazinform

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы небәрі 0,02 теңгеге арзандап, 491,29 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 491,68 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 487,99 теңгеден сатып алынады, 494,99 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу – 560,46 теңге, сату – 570,46 теңге;

– рубль: сатып алу – 6,01 теңге, сату – 6,32 теңге.

– юань: сатып алу – 72,23 теңге, сату – 76,17 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 491,16 теңгеден сатып алынады, 493,26 теңгеден сатылады. Еуро 563,14 – 568,84 теңге, ал рубль 6,07 – 6,21 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,90 теңгеден сатып алынады, 74,52 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 12 наурыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,06 теңгеге қымбаттап, 491,68 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум