Апта аяғында доллар 5 теңгеге жуық қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Апта аяғында доллар 5 теңгеге жуық қымбаттады
Коллаж: Kazinform/ Canva

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,89 теңгеге қымбаттап, 494,66 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 489,17 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 495,64 теңгеден сатып алынады, 498,92 теңгеден сатылады. Еуро 582,14 – 587,48 теңге, ал рубль 6,38 – 6,49 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 69,60 теңгеден сатып алынады, 72,71 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 493,00 теңгеден сатып алынады, 500,01 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу – 579,00 теңге, сату – 589,00 теңге;

– рубль: сатып алу – 6,35 теңге, сату – 6,65 теңге.

– юань: сатып алу – 71,30 теңге, сату – 75,51 теңге.

Еске салайық, 19 ақпан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,11 теңгеге арзандап, 489,17 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум