Апта аяғында доллар бағамы қайтадан 501 теңгеге түсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

доллар
Фото: freepik.com

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,02 теңгеге арзандап, 501,02 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 503,17 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 501,08 теңгеден сатып алынады, 503,29 теңгеден сатылады. Еуро 595,36 – 598,87 теңге, ал рубль 6,51 – 6,63 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 73,20 теңгеден сатып алынады, 75,92 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 499 теңгеден сатып алынады, 506,00 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу - 591,00 теңге, сату - 601,00 теңге;

– рубль: сатып алу - 6,40 теңге, сату - 6,70 теңге.

– юань: сатып алу - 74,49 теңге, сату - 77,84 теңге.

Еске салайық, 29 қаңтар күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,77 теңгеге арзандап, 503,17 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар