Апта аяғында доллар қаншадан саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар 453,72 теңгеден сатып алынады, 460,72 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 495,72 теңге, сату — 505,72 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,25 теңге, сату — 5,45 теңге;
— юань 67,74 теңгеден сатып алынады, 71,74 теңгеден сатылады.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар: сатып алу — 456,25 теңге, сату — 458,19 теңге;
— еуро: сатып алу — 500,56 теңге, сату — 505,14 теңге;
— рубль 5,25 — 5,36 теңге аралығында саудаланады.
— юань 67,29 — 69,50 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 26 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,48 теңгеге өсіп, 458,85 теңге болды.