Доллар бағамы бірнеше күннен бері 458 теңге болып тұр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Доллар бағамы бірнеше күннен бері 458 теңге болып тұр
Фото: Kazinform/ЖИ

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,48 теңгеге өсіп, 458,85 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 458,57 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 454,00 теңгеден сатып алынады, 461,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 496,00 теңге, сату — 506,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,25 теңге, сату — 5,45 теңге.
— юань: сатып алу — 67,74 теңге, сату — 71,74 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 456,44 теңгеден сатып алынады, 458,29 теңгеден сатылады. Еуро 500,69 — 505,20 теңге, ал 5,25 — 5,35 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,29 теңгеден сатып алынады, 69,70 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 25 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,86 теңгеге түсіп, 458,57 теңге болды.