Қор нарығында теңге нығайып, доллар арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,86 теңгеге түсіп, 458,57 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 458,28 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 453,00 теңгеден сатып алынады, 460,00 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 489,35 теңге, сату - 505,00 теңге;
- рубль: сатып алу - 5,25 теңге, сату - 5,45 теңге.
- юань: сатып алу - 67,70 теңге, сату - 71,70 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 456,29 теңгеден сатып алынады, 458,44 теңгеден сатылады. Еуро 499,27 – 503,82 теңге, ал 5,25 – 5,36 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,41 теңгеден сатып алынады, 69,89 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 24 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,19 теңгеге өсті.