Апта аяғында доллар қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Апта аяғында доллар қымбаттады
Фото: pixabay

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,63 теңгеге қымбаттап, 482,53 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 481,83 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 479,00 теңгеден сатып алынады, 486,00 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу – 553,00 теңге, сату – 563,00 теңге;

– рубль: сатып алу – 5,80 теңге, сату – 6,20 теңге.

– юань: сатып алу – 71,38 теңге, сату – 75,76 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 482,70 теңгеден сатып алынады, 484,80 теңгеден сатылады. Еуро 555,19 – 560,40 теңге, ал рубль 5,83 – 5,99 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 70,66 теңгеден сатып алынады, 73,23 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 26 наурыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,05 теңгеге арзандап, 481,83 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар