Апта басында доллар 4 теңгеге қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,93 теңгеге қымбаттап, 505,17 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 501,02 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 504,85 теңгеден сатып алынады, 507,07 теңгеден сатылады. Еуро 596,49 – 600,96 теңге, ал рубль 6,47 – 6,59 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 72,88 теңгеден сатып алынады, 75,63 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 501,99 теңгеден сатып алынады, 508,99 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 594,00 теңге, сату - 604,00 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,35 теңге, сату - 6,65 теңге.
- юань: сатып алу - 73,39 теңге, сату - 77,71 теңге.
Еске салайық, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды.