Апта ішінде 5 мың қылмыс тіркелді - ҚР ІІМ

АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Апта ішінде 5069 қылмыс тіркеліп, 2308-і «ізі суымай» ашылды. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

Апта ішінде 5 мың қылмыс тіркелді - ҚР ІІМ

Бұрын жасалған 618, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 203 қылмыс әшкереленіп отыр. Іздеу жарияланған 88 қылмыскер іздестіріліп, табылды. 9 дана қару тәркіленіп, 59 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 25 - сату фактісі. 91 келіден астам есірткі тәркіленді.