Апта ішінде 5469 қылмыс тіркеліп, оның 2549-ы «ізі суымай» ашылды - ҚР ІІМ

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Осы апта ішінде елімізде 5469 қылмыс тіркеліп, оның 2549-ы «ізі суымай» ашылды, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Апта ішінде 5469 қылмыс тіркеліп, оның 2549-ы «ізі суымай» ашылды - ҚР ІІМ

Сонымен қатар ведомство ақпаратына қарағанда, бұған дейін жасалған 731, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 228 қылмыс әшкереленді. Іздеу жарияланған 80 қылмыскер іздестіріліп табылды. 8 дана қару тәркіленіп, 71 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 29 сату фактісі бар. 91 келіден астам есірткі тәркіленсе, оның 6,5 келіге жуығы - героин.