Апта ішінде 6 663 қылмыс тіркеліп, «ізі суымай» 2 899 қылмыстың беті ашылды - ІІМ
АСТАНА. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Өткен апта ішінде республика бойынша 6 663 қылмыс тіркелсе, «ізі суымай» 2 899 қылмыстың беті ашылды.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлім болды.
Сонымен қатар, өткен апта ішінде бұрын жасалған 695 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 32 қылмыс ашылды. Бұдан бөлек, іздеу жарияланған 105 қылмыскер ұсталды. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 44 қылмыс әшкереленсе, соның ішінде 18-і сату мен контрабанда фактісіне қатысты болып отыр. Ал заңсыз айналымнан 3,5 тонна есірткі заты, сондай-ақ 143 грамм героин тәркіленіп алынды.