Апта ішінде 6094 қылмыс тіркелді - ІІМ

АСТАНА. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Апта ішінде 6094 қылмыс тіркелді. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті.
None
None

«Апта ішінде 6094 қылмыс тіркеліп, 2849-і «ізі суымай» ашылды. Бұрын жасалған 715, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 158 қылмыс әшкереленіп отыр. Іздеу жарияланған 394 қылмыскер іздестіріліп табылды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, өткен аптада 12 дана қару тәркіленіп, 63 есірткі қылмысы анықталса, оның ішінде 30-ы сату фактісі. «37,5 келіден астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 12 келіге жуығы героин заты», - деді Н.Ораз.

Соңғы жаңалықтар