14:14, 29 Мамыр 2013 | GMT +5
Апта ішінде 7 281 қылмыс тіркелді - ҚР ІІМ
АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Апта ішінде 7 281 қылмыс тіркелсе, «ізі суымай» 3 090 қылмыстың беті ашылды.

Бұл туралы ҚР ІІМ мәліметтерінде хабарланған.
Бұрын жасалған 834 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 108 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 85 қылмыскер ұсталып, 11 дана қару тәркіленді. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 53 қылмыс анықталды, соның 26-сы сату фактісі. 2 тоннаға жуық есірткі заты, оның ішінде 377 грамм героин алынды.