Апта ішінде 7 мың қылмыс тіркелді - ҚР ІІМ

АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Апта ішінде елімізде 7 029 қылмыс тіркеліп, «ізі суымай» 2 992 қылмыстың беті ашылды.

Апта ішінде 7 мың қылмыс тіркелді - ҚР ІІМ

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінен хабарланды.

Бұрын жасалған 676, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 23 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 130 қылмыскер ұсталып, 5 дана қару тәркіленіп алынды.

«Есірткінің заңсыз айналымына қатысты 39 қылмыс анықталды, оның ішінде 17 сату фактісі. 43 келі есірткі заты, оның ішінде 12 келіден астам героин тәркіленді»,-делінген ІІМ мәліметінде.