Апта ішінде 8 107 қылмыс тіркеліп, оның 2 687-сі ізі суымай ашылды - ҚР ІІМ

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Апта ішінде 8 107 қылмыс тіркеліп, оның 2 687-сі ізі суымай ашылды. Бұл туралы бүгін Алматыда брифинг өткізген ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Апта ішінде 8 107 қылмыс тіркеліп, оның 2 687-сі ізі суымай ашылды - ҚР ІІМ

«Апта ішінде 8 107 қылмыс тіркелсе, оның 6 230-ы криминалды полиция бағыты бойынша орын алған. 2 687 қылмыс «ізі суымай» ашылды. Бұрын жасалған 613 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 91 қылмыс әшкереленді», - деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, іздеу жарияланған 89 қылмыскер ұсталып, 5 дана қару тәркіленген. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 50 қылмыс анықталса, оның 25-і сату фактісі. 19 келіден аса есірткі заты, оның ішінде 10 келіден аса героин тәркіленіп алынды.