Апта ішінде ел аумағында 5 133 қылмыс жасалды
АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Апта ішінде 5 133 қылмыс жасалды, ізі суымай ашылғаны - 2600. Бұл туралы бүгін өткен брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Сонымен қатар ресми өкілдің айтуынша, бұрын жасалған 658 қылмыс ашылды, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 444 қылмыс әшкереленді. 85 қылмыскер іздестіріліп табылды, 6 дана қару алынды. 54 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 22 фактісі есірткіні сату бойынша. Жалпы салмағы 14 келіден астам есірткі заты тәркіленді.