Апта ішінде ел аумағында 5269 қылмыс жасалды

АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Апта ішінде 5269 қылмыс тіркеліп, оның 2681-і «ізі суымай» ашылды.

Апта ішінде ел аумағында 5269 қылмыс жасалды

Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Сондай-ақ бұрын жасалған 538, соның ішінде өткен жылдар санатындағы 21 қылмыс әшкереленді.

Сонымен қатар ресми өкілдің айтуынша, іздеу жарияланған 80 қылмыскер іздестіріліп-табылды, 4 дана қару алынды,23 есірткі қылмысы анықталды, оның 5-еуі - сату фактісі. Жалпы салмағы 16 келіден астам есірткі тәркіленді.

мерц
Ұқсас жаңалықтар

АҚШ-тың жаңа баж салығы бүкіл Еуропаға соққы — Мерц